Атырауға COVID-19 инфекциясына шалдыққандарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді
Атырауға COVID-19 инфекциясына шалдыққандарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді
157
оқылды
«14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға дәрі-дәрмек тиелген жүк ұшағы келіп қонды», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Кеше мелекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруын «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі -дәрмектер дәріханалар желісіне таратылады. «Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді», – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.  width= Дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні дәрі-дәрмектің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді.