ОСК бұрынғы мүшесі Владимир Фоос қайтыс болды
ОСК бұрынғы мүшесі Владимир Фоос қайтыс болды
146
оқылды
Орталық сайлау комиссиясының жұмысына 20 жылдан астам ғұмырын арнаған Владимир Фоос қайтыс болды. В. Фоос 14 шілдеде 70 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Владимир Карлович Орталық сайлау комиссиясының жұмысына 20 жылдан астам ғұмырын арнай отырып, тәуелсіз Қазақстанның электоралды жүйесін қалыптастырудың бастауында болды. Сайлау жүйесінде қызмет атқаратын барлық азаматтар үшін Владимир Карлович – аңызға айналған тұлға және дәуір адамы. Оны жұмысында әрқашан жоғары кәсіби деңгейі мен сайлау процесін ұйымдастыру тетіктерін терең түсінуі ерекшелеп тұрды. Әріптестеріміз Владимир Карловичтің сайлау үдерісін ұйымдастырудың әдіснамасы мен практикасын дамытуға қосқан зор үлесін танып, атап келеді. Владимир Карлович еңбек сіңірген демалысында болған уақытында да мейірімді дос және дана тәлімгер бола отырып, баға жетпес тәжірибесін және кәсіби білімін бөлісіп жүрді. Владимир Карловичтің мезгілсіз өмірден озуы – біз үшін ауыр және орны толмас қайғы», – делінген хабарламада.