Дәрігер коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандарға сары май қосылған жылы сүт ішуді ұсынды
Дәрігер коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандарға сары май қосылған жылы сүт ішуді ұсынды
© сурет интернеттен алынды
249
оқылды
Алматылық дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандарға морс пен май араласқан жылы сүт ішуді ұсынды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.  Инфекционист дәрігер Шолпан Әуелбекованың сөзінше, коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандар аскорбин қышқылы бар сұйықтықты жиі ішу керек.
Маманның айтуынша, жиі су ішіп, жұтқыншақты әр екі сағат сайын шаю керек. Сонымен қатар, үй жағдайында жасайтын халық медицинасы да инфекцияның симптомдарын азайтуға септігін тигізеді.
"Компот, жидектерден жасалған морс ішуге болады. Жылы сүтке сары май не қойдың майын қосып ішуге болады. Ол тамақтың құрғауы мен қышуын тоқтатады", - дейді маман.