Алматылық дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандарға морс пен май араласқан жылы сүт ішуді ұсынды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Инфекционист дәрігер Шолпан Әуелбекованың сөзінше, коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандар аскорбин қышқылы бар сұйықтықты жиі ішу керек.
"Компот, жидектерден жасалған морс ішуге болады. Жылы сүтке сары май не қойдың майын қосып ішуге болады. Ол тамақтың құрғауы мен қышуын тоқтатады", - дейді маман.