Жасотандықтар дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» табыстады
Жасотандықтар дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» табыстады
116
оқылды
«Jas Otan» белсенділері дәрігерлерді «Алғыс пакеттерімен» қуантты. Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында жасотандықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын ұйымдастырды. Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы өнімдердің оннан астам түрі бар. Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынған. Волонтердің айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірінде жалғасады.
«Бүгін біз жасотандықтар біздің ержүрек дәрігерлеріміз үшін акция ұйымдастырдық. Өйткені олар бүкіл қоғамды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күнделікті күресуде. Әрбір пакетке витаминдер мен минералдар бар пайдалы өнімдер салынған. Сондай-ақ бұл акцияны өңірлерде біздің еріктілер жалғастыратын болады. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін», - дейді Айдарбек Бақдаулет.
«Jas Otan» ЖҚ 100-ден астам еріктісі бірнеше апта бойы өз отбасыларынан оқшаулануға мәжбүр болған орта буын медицина қызметкерлері үшін «Алғыс пакеттерін» таратуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері, Алматыда 4 мың медицина қызметкері коронавируспен қарсы күреске жұмылдырылған.