Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды
Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды
Сәуле Қисықова Президент іс басқармасының медициналық орталығы басшысы болып тағайындалды. Ол бұл лауазымды ресми түрде 14 шілдеден бастап атқарып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Сәуле Қисықованың басқа қызметке ауысуына байланысты босатылғаны хабарланған еді.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін орынбасары Әлия Рүстемова атқарады. Сәуле Қисықова 1963 жылы 22 шілдеде туған. Алматы мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған. Медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі. 2019 жылдың тамызында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған.