Дүкен мен дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады
Дүкен мен дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады
© сурет интернеттен алынды
173
оқылды
Дүкен мен дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады.  Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады.
«Көшеге шығып жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға маскасыз шықсаңыз да ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда егер дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған болатын. Сондай-ақ  шілденің басында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескерткен болатын.  Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.