Еліміздің 10 өңірінде қатты ыстық болады
Еліміздің 10 өңірінде қатты ыстық болады
© сурет интернеттен алынды
156
оқылды
Еліміздің 10 өңірінде қатты ыстық сақталады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 15 шілде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 35-39, 40-42 градусқа дейін қатты ыстық, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел, кей жерлерде шаңды дауыл соғады. 15-16 шілде күндіз Ақмола облысының кей аймақтарында 35 градус ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады. Дауыл ықтималдығы – 80-85%.
«Республикада қатты ыстық ауа райы өзгермей тұрғандықтан, өрт қаупінің жоғары дәрежесі сақталады» делінген ТЖК хабарламасында.
Төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, су айдыны мен орманды-далалы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.