Аружан Саин 42 500 теңгені отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды
Аружан Саин 42 500 теңгені отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды
© сурет интернеттен алынды
5,163
оқылды
Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин 42 500 теңгені отбасындағы балалар санына қарай беруді ұсынды.
"42 500 теңгені төлеу мәселесіне қатысты менің де  айтарым бар. Біз карантин болмайтын шығар деп үміттендік. Мен әлеуметтік төлемді балалар санына қарай беруді ұсынғым келеді. 42 500 теңгені алатын ересек адамда 3  немесе 1-5 баласы болуы мүмкін. Менің білуімше, Ресей Федерациясы отбасыға арналған барлық көмекті балалар санына қарай берді. Яғни олар әр балаға берілетін көмекті есептеді. Менің ойымша, бұл дұрыс", - деді Аружан Саин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook-тегі парақшасында өткен тікелей эфирде.
Оның айтуынша, ересек адамның өз басына  42 500 теңге жетеді. Егер балалары болса, ә  леуметтік көмектің бәріне бірдей жетпейтіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан ол Ұлттық экономика және Еңбек министрліктеріне 42 500 теңгені беру әдісін қайта қарауды ұсынды.