Уханьнан студенттерді елге жеткізуге атсалысқан ұшқыш коронавирустан қайтыс болды
Уханьнан студенттерді елге жеткізуге атсалысқан ұшқыш коронавирустан қайтыс болды
159
оқылды
Қазақстанға еңбегі сіңген ұшқыш, пандемия басталғанда Ухань қаласындағы студенттерді елге жеткізуге атсалысқан Болат Серікбаев коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Ведомство ұжымы Серікбаев Болат Мұсаұлының дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
"Болат Мұсаұлы өз ісінің нағыз маманы, 38 жылдан астам тәжірибесі бар Boeing-757 және Boeing-767 үлгісіндегі әуе кемелерінің командирі болды. Ол гуманитарлық жүктерді жеткізу және отандастарымызды елге қайтару бойынша әуе рейстерін орындауға белсенді қатысты. Осы қиын уақытта оның барлық ісі ел азаматтарына көмек көрсетуге бағытталған еді", - делінген хабарламада.