Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
«Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы базасында әлеуметтік қор құрылды. Қазір оған қаржы жиналуда. Ақшаны бөлмес бұрын оны жинап алу керек. Ол қаражат қалай жұмсалады? Барлық мұқтаждарға оны бөліп беру мүмкін емес, өйткені оған қаржы жетпейді. Арнайы комиссия құрылды. Оны бұрынғы сенатор Серік Ақылбай бастаған беделді адамдар тобы басқарады. Комиссия мүшелерінің тізімімен палата сайтынан танысуға болады. Олар көмектің кімге берілетінін шешеді», – деді министр.Сонымен қатар ол бір реттік төлем сомасы қандай көлемде болатынын да айтты.
«Бір реттік төлем сомасы бойынша шектеулер енгізіледі. Ол 1 млн теңгеден аспайды деп жоспарлануда. Бірақ төлемнің нақты сомасы қаржы жиналған соң белгілі болады», – деді министр.