Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынды
146
оқылды
Алматыда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейд жүргізіп жатыр. Маскасыз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады ведомство. Рейдтер 5 шілдеде тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде басталған. Осы уақыттан бастап департамент мамандары маска режимін бұзғаны үшін 165 адамды әкімшілік жауапқа тартқан. Әрқайсына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылған. Бұл бапта 30 АЕК - 83 340 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Қалалық автобустарда да рейдтер жүргізілген.
"Шілденің 5-і мен 14-і аралығында мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарындағы қоғамдық көлікті тексерді, қоғамдық көліктерде маска режимін бұзғаны үшін 4 жолаушы 425-баптың 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды, № 102, 115, 48 маршруттарында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.