Бұл ақпаратта Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты жариялады. Полицияға түнде белгісіз біреулер Сарайшық көшесінде 50-ге жуық адам жиналған кеш өткізген. Тексеру барысында полицейлер 28 жастағы қала тұрғынының жабық кеш ұйымдастырғанын анықтаған.
«Аталған факті бойынша түсініктеме берген кештің ұйымдастырушысы полицияға өзінің бұрын санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін қызметі тоқтатылған елордалық кафелердің бірінде жұмыс істегенін түсіндірді. Сондықтан ол коттеджді жалға алып, жабық кеш өтетін орынның мекен-жайын әлеуметтік желі арқылы алдын ала хабарлап, келушілерді қабылдаған», – деді полиция қызметкерлері.Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, 42 адам темекі бұйымдары мен электронды темекіні қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салуды, тыныштықты бұзғаны, алкоголь ішімдіктерін тұтынғаны үшін, бір адам – Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапқа тартылды.