Бэйл баратын жаңа клуб белгілі болды
Бэйл баратын жаңа клуб белгілі болды
149
оқылды

Испанияда да, Германияда да трансферлік терезе 2 қыркүйек күні жабылады

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Гарет Бэйл карьерасын Германия чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Сенімді дерек көзінің мәліметінше, қазіргі таңда футболшыға мюнхендік «Бавария» қызығушылық танытуда. Неміс клубы шабуылшыны жалға алуы мүмкін. Әзірге Бэйл мен оның агенті тарапынан бұл ақпаратқа қатысты пікір айтылған жоқ.

Испанияда да, Германияда да трансферлік терезе 2 қыркүйек күні жабылады. Егер Бэйл тамыздың соңына дейін «Реал» сапында қалатын болса онда «Бавария» ресми ұсыныс жолдауы мүмкін. Бұған дейін неміс гранды «Реал» жартылай қорғаушысы Хамес Родригесті жалға алған болатын. Алайда былтырғы маусымнан кейін «Бавария» колумбиялықпен келісімшартты созған жоқ. Қазір Хамес «Реал» сапында жаттығып жүр.

Осыған дейін Бэйлдің агенті клиентінің ешқандай клубқа жалға алу келісімімен бармайтынын айтқан еді.