«Астананың» экс-шабуылшысы Ресей чемпионатында ғажайып гол соқты (видео)
«Астананың» экс-шабуылшысы Ресей чемпионатында ғажайып гол соқты (видео)
178
оқылды

Серб шабуылшысы жаңа маусымдағы екінші голын салып отыр

Қазір Ресей чемпионатындағы «Оренбург» клубында ойнайтын елордалық «Астананың» экс-шабуылшысы Джордже Деспотович «Ахмат» қақпасына ерекше гол салды.

Матчтың 64 минутында Сергей Тереховтан сәтті пас алған Деспотович тура айып алаңының ішінде шалқалай құлаған қалпында қақпа торын тулатты. Сөйтіп, есепті теңестірген. Алайда «Ахмат» бұдан соң тағы бір гол салып, жеңіске жетті.

Серб шабуылшысы жаңа маусымдағы екінші голын салып отыр. Бұған дейін РПЛ бірінші турында «Ростов» қақпасынан саңылау тапқан. 27 жастағы шабуылшы бұған дейін қазақстандық «Жетісу», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» клубтарында ойнаған.

https://youtu.be/k6Mqwcw2H3Q