Қытайдан әкелінген белгісіз дәріні сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды
Қытайдан әкелінген белгісіз дәріні сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
141
оқылды
Рейд барысында алыпсатардың көлігінен 165 бума дәрі-дәрмек табылды. Саудаға шығаратын рұқсат қағазы болмаған. Полиция мәліметінше, арнайы жүрген рейді кезінде бір ғана Елордадан 17 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленіпті. Бұл тауарлар арнайы сараптамадан кейін сот шешімінен денсаулық сақтау мекемелеріне берілмек. Ал, дәрі-дәрмекке сұраныс жоғары. Мәселен, Шығыс Қазақстанда қызу түсіретін дәрі-дәрмектің бір айлық қорын тұрғындар бір күнде талап алып қойған. Сондықтан да өңірде дәрі-дәрмек қоймаларына бақылау күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі өкілдері, бүгін Өскемендегі дәріханаларды аралап шықты.
Фармкомпанияның басшысы Тимур Сәлімбаев: «Кейбір дәрі-дәрмекті бір жолғы рұқсатпен әкеле алмай отырмыз. Әсіресе сертификатталмаған дәрілерді. Оларды  әкелуге болады, бірақ оның сертификатын алу қиын», – дейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі мен «Адалдық алаңы» және арнайы мониторинг топтары бірнеше қалада «СК-Фармация» мекемесіне тиесілі қоймаларды тексерді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте COVID-19-ға қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті екені анықталды. Алайда, ол дәрілер емдеу мекемелеріне уақытылы жеткізілмеген.   https://youtu.be/AU2PJrfa9pI