Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қазасының себебі айтылмады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қазасының себебі айтылмады
Фото: Интернеттен алынды
272
оқылды
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-тағы парақшасында: «Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды. Қосман Айтмұхамбетовтың өлімінің себебі айтылмады. Айта кетейік, Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда бұрынғы Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Кейінгі жылдары Қосман Айтмұхамбетов өңірлік даму вице-министрі, Ақмола облысы әкімі, Астана (қазіргі Нұр-Сұлтанред.) қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Оның қазасына байланысты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев те көңіл айтты.
«Суыт хабар естідім. Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысының бұрынғы әкімі, Астана (Нұр-Сұлтан) әкімінің бұрынғы орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Біз астана әкімдігінде бірге қызмет еткен болатынбыз», – деп жазды Әсет Исекешев.