Жастар жылындағы жарқын жүздесу
Жастар жылындағы жарқын жүздесу

«Burabay Forum: Қазақ­станның халықа­ралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың ІІІ Ха­лықа­ралық форумы басталды. Алқалы жиынға Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми де қатыс­ты. Қатысушыларға арналған алғысөзінде ол Қазақстанда жас ғалымдардың халықаралық форумын өткізу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.

Конституциялық кеңес төра­ғасы атан­ған форумның ғылым, білім беру және иннова­циялар саласындағы өзекті мәсе­ле­лерді талқылау бойынша беделді пікірталас алаңына ай­налғанын атап өтті. «Биыл фо­рум ерекше маңызға ие болды. Өйткені Жастар жылы аясында ұйым­дас­тырылды» дей келе, Қазақстанның Тұң­ғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастама жасаған, қазақстан­дықтардың жас буынына шетелде жоғары білім алуға біре­гей мүмкіндік беретін «Болашақ» стипен­диясының маңызын атап өтті.

– Қарқынды даму мен зама­науи ­сын-қатерлер қоғам мен мемлекет ал­дына жаңа міндеттер қойды. Бұл процесте саяси-құқықтық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар эволю­ция­сының векторларын айқындай­тын Конс­титуция ма­ңызды рөл ат­қа­рады. Ғылыми зерт­теулердің нәтиже­лері Конс­титуцияда бекітілген жал­­пыадамзаттық құнды­лық­тар­ды ­жү­зеге асыруға қызмет етуі тиіс, – деді Қай­рат Мәми.

Сондай-ақ 12 елдің жас ға­лымда­ры ал­дында сөз сөйлеген Қ.Мәми Абай Құ­нанбаевтың 175 жылдығына арнал­ған эста­фетаны жалғастырып, Ұлы ақын­ның 38-ші қара сөзінен үзінді келтіріп, жастар­дың ізденісіне сәттілік тіледі.


Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ