Ақтаудағы арыстан Алматыға ұшақпен жеткізіледі
Ақтаудағы арыстан Алматыға ұшақпен жеткізіледі
Фото: Интернеттен алынды
185
оқылды
Енді сол арыстан Ақтау әуежайы арқылы Алматыдағы хайуанаттар паркіне жеткізілетін болды.   [caption id="attachment_58151" align="alignnone" width="720"]арыстан, Ақтау, Алматы, Маңғыстау Фото: Сәкен Ділдахметтің парақшасынан алынды[/caption] Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, арыстанның бұдан былай күтіміне хайуанаттар бағының қызметкерлері жауапты болады. Айта кетейік, 25 маусымда, яғни бүгін сағат таңғы 05.30 шамасында жергілікті халықтан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының маңында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
Сол кезде Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында: «Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық департаменті жабайы аңды ұстауға шықты. Мамандар арыстанды ұстады. Қазіргі уақытта арыстан «Қошқар Ата» елдімекенінде бақылауда», – деп жазды.