Атырауда жол апатынан төрт адам қайтыс болды
Атырауда жол апатынан төрт адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
5,126
оқылды
Ауруханаға жеткізілген екі жолаушының да өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты 16 шілдеде сағат 00:30 шамасында Атырау – Орал тасжолының Атырау қаласына кіре берісінде болған. «1999 жылы туған азамат тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты. Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», – деп хабарлайды баспасөз қызметі. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.