Құрбан айт – мейірімділіктің мерекесі
Құрбан айт – мейірімділіктің мерекесі
169
оқылды

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Исі мұсылман баласы­ның ең ұлық мерекесі – құрбан айтқа айдан аман, жылдан есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Құрбандық – үлкен тарих, ұлық ғибадат. Ол сонау Ибраһим (ғ.с.) пай­ғамбар заманынан бастау алады. Құрбан шалу – пай­ғамбарлар атасы саналған Ибраһимнің (ғ.с.) сүннеті. Мұ­хаммед үмбетіне де құрбандық мұра болып жетті. Себебі, Адам (ғ.с.) атадан бастап, Алла елшісі Мұхаммедке (оған Алланың са­лауаты мен сәлемі болсын) дейін барлық пайғамбар діні ханиф, яғни бір Аллаға құлшылық ететін діні болды.

Зүлхиджә айының 9-ы – Арапа. Бұл күнді қажылар арапа жазығында күн батқанша құл­шылық етумен және дұға-тілек жасаумен өткізеді. Ал қажылыққа бармаған мұсылмандарға арапа күні ораза тұту – сүннет. Қасиетті хадис-шарифте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жыл­дардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады» делінген.

Бұл хадистен арапа оразасы өткен жылда жасалған қате-кемшіліктердің кешірілуіне се­бепші болатынын айқын аңға­рамыз. Сонымен қатар ауыз бе­кіткен пенде мен оның келер жыл­ғы қате-кемшіліктері ара­сында тосқауыл болады дегенді білдіреді.

Алла Елшісі: «Бұл күні біз ең әуелі намаз оқудан бастаймыз. Сосын (үйге) қайтып, құрбандық шаламыз. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге сай амал ет­кені. Ал кімде-кім (намаздан) ал­дын құрбандық шалса, ол бала-шағасына арнап сойған мал еті болып, құлшылыққа (құр­бан­дыққа) жатпайды», – деген.

Демек, құрбан айтты, яғни мереке күнін ең әуелі айт нама­зын оқумен бас­таймыз. Пай­ғам­бар Мәдинаға келгенде қала тұрғындарының ойын-сауық құ­ратын екі күні болатын. Алла Елшісі: «Бұл қандай күндер?» – деп сұрағанда, мәдиналықтар: «Біз жаһилиет (надандық) дәуі­рінде бұл күндері ойын-сауық құра­тынбыз», – деп жауап бе­реді. Бұған пай­ғамбарымыз Мұ­хаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла осы екі күнді, бұлардан да қайырлы (жақсы) құрбан және ораза (айт) күндерімен ауыс­тырды», – деген.

Құрбан айт күні толық жуы­нып (ғұсыл алып), ең жақсы иіссуды себініп, айт намазына бару – сүннет амал. Бұл амал күл­лі мұсылманды айт күндері жан мен тән тазалығының үйле­сімді болуына үндейді. Өйткені бұл – мереке. Мейрам­ның ны­шаны сезіліп тұруы тиіс.

Мұсылман баласы өзі ниет еткен құрбандықты өз қолымен бауыздағаны абзал. Өйткені бұл – құлшылық амал. Сон­дықтан құрбандық ғибадатын кісі өзі орындағаны жақсы.

Жабир (оған Алла разы бол­сын) мынадай риуаят жеткізген: «Мен құрбан айт күні пайғам­бармен бірге болдым. Ол кісі құрбан айт құтпасын айтып бол­ған соң мінберден түсті. Оның алдына бір қошқар әкелінді. Пайғамбар малды өз қолымен бауыздап: «Бисмиллаһи, Аллаһу Акбар! Бұл менің және менің үмбетімнен құрбандық шала алмағандардың атынан» деп құрбан шалды».

Мал бауыздай алмаған жағ­дайда қасапшының жанында тұрып, өз көзімен көргені дұрыс. Себебі, пайғамбарымыз қызы Фатимаға: «Құрбандығыңа куә бол. Өйткені құрбандықтың ең алғаш тамған қанымен барлық қате-кемшілік кеші­ріледі», – деген екен.

Құрбандыққа түйе, сиыр және қой (ешкі де) шалынады. Бұдан басқа мал түрлері құрбан­дыққа жарайтындығы жайлы пайғамбарымыздан және саха­балардан жеткен хабар жоқ. Алла Елшісі: «Төрт нәрсе құрбандыққа жарамайды: соқырлығы анық мәлім соқыр мал, ауру екені анық көрініп тұрған мал, ақсақ-тоқсақ мал және жілік майы тым аз арық мал», – деген екен.

Айт күндері мұсылман бала­сы жұрт­пен бірге құрбандық ша­лып, сауап алуға ниет етеді. Қазан асып, мерекелік дас­тарқан жайып, айттық бергісі келеді. Алайда мал базарда құрбандыққа шалынатын мал бағасы қымбат­тап кететін жағдай жиі кездеседі.

Құрбандық – мал сою нау­қан­дық шарасы емес. Бұл – ха­лықтың ынтымағын нығайтып, елдің ауызбіршілігін күшейте түсетін айтулы мереке. Бұл – Алла Тағаланың бізге тарту еткен мерекесі.

Осы ретте қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында отан­дас­тарымды игі амалдар мен сауапты шараларға атсалысуға шақыра отырып, құтты мейрам­ның құтын қашырмай, мал бағасын шарықтатып, пайдаға емес, сауапқа бөленуге үндеймін.

Құрбандық – мал сою нау­қан­дық шарасы емес. Бұл – ха­лықтың ынтымағын нығайтып, елдің ауызбіршілігін күшейте түсетін айтулы мереке. Бұл – Алла Тағаланың бізге тарту еткен мерекесі.

Мұсылман баласының құл­шылық амалдары жамағатпен және ауызбір­ші­лікпен атқа­ры­лады. Құрбан айт – соның үлкен айғағы. Бұл мереке исі мұсыл­ман­ның бірлігі мен берекесін тағы да паш ете түседі. Біз «әһли сүнна уал жамағат», яғни пай­ғамбарымыздың және сахаба­лардың (көпшіліктің) жолын ұстанушы үмбетпіз. Қажылық, құрбандық, жама­ғатпен оқы­ла­тын намаздар, т.б. игі амалдар мұсыл­мандарды бірлікке тәр­биелейді.

Хазіреті Омар (оған Алла разы бол­сын) хұтпа оқып тұрып, сөзінің арасында пайғам­ба­рымыз Мұхаммедтің (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын):

«...Жамағатпен болыңдар! Бө­лінуден сақтаныңдар...» деген сөзін мінберде айтқан.

Құрбан айт – ағайын арасын жақын­дата түсетін, көршілерді аралап, науқас адамдардың көңі­лін сұрап, кешірімшіл, кеңпейіл болуға шақыратын, бірлік пен берекеге бастайтын мүбәрак мереке. Айт – отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, ба­лаларға сыйлық үлес­тіріп, аға­йын-көрші, туыс, бауырларды қо­наққа шақырып, айрықша кө­ңіл бөлу де – сауапты іс.

Құрбан айт – мұсылман қауы­мын иман­дылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәу­беге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалу­мен ғана емес, сауапты, ізгі, қа­йырлы амалдарымен Раббы­сының разылығы­на, рақымына жақындай түседі. Өйткені араб тіліндегі «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғым­дарды білдіреді.

Қасиетті Құранда «Ұмыт­паң­дар, олар­дың еті де, қаны да ешқашан Аллаға ­жет­пейді. Оған жететін нәрсе – жү­ректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниет­терің)» («Хаж» сүресі, 37-аят) деп баяндалған.

Құрметті бауырлар! Келе жат­қан Құрбан айт мүбәрак болсын!

Алла Тағала халқымызды айт­тан айт­қа, құлшылық-ғиба­датпен, молшылық-берекетте жете беруге жазсын! Еліміздің егемендігі баянды болғай! Әмин!

 

Серікбай қажы ОРАЗ,
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти