42 500 теңгені кімдердің өтінішсіз ала алатыны белгілі болды
42 500 теңгені кімдердің өтінішсіз ала алатыны белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
141
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір санаттағы азаматтар 42 500 теңгені  порталға өтініш жібермей-ақ ала алатынын айтты.
«Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, кейбір категориядағы адамдарға проактивті төлем жасауға шешім қабылдадық. Біз барлық базаны зерттеп, әр аймақтағы техникалық шектеулерді есепке ала отырып, әлі күнге дейін ешқандай кіріссіз отырған адамдар тобын анықтадық. Бұл категориядағы жандарға төлем портал мен телеграмға өтінішсіз, өз келісімі бойынша сырттай тағайындалады. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлердің жағдайы Төтенше жағдайға қарағанда өзгеріп қалуы мүмкін. Бүгінгі карантиндік шектеулер ТЖ қарағанда жеңілдеу. Екіншіден, 5 шілдедегі карантиндік шектеулер әр өңірде әртүрлі. Сондықтан біз олардың өтініштерін портал арқылы қабылдамай, штабтар арқылы анықтауды жөн көрдік» - деді министр. 
Проактивті төлем тағайындалған азаматтардың ұялы телефон нөміріне 16 шілде күні өз жағдайын растау туралы хабарлама келеді.
«Біз бұл категориядағы адамдарға бүгін SMS жолдаймыз, онда тұлға өз жағдайының 5-шілдеден бастап өзгермегенін растауы тиіс. Ол үшін хабарлама алған азамттар 0 санын жауап ретінде жіберулері тиіс. СМС алған кісілер ертеңгі күні порталға өтініш берудің қажеті жоқ», - деді министр.
Еске сала кетейік, 17 шілдеден бастап 42 500 теңге бойынша өтініш қабылдау басталады. Сондай-ақ өтініш беру мерзімі 1 қыркүйекке дейін жалғасады.