Алты ай ішінде елімізде 98 мыңнан астам қазақстандық пневмонияға шалдыққан
Алты ай ішінде елімізде 98 мыңнан астам қазақстандық пневмонияға шалдыққан
Алты ай ішінде Қазақстанда 98 мыңнан астам қазақстандық пневмонияға шалдықты. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты. Комитет басшысы олардың қанша пайызы бактериалды пневмониямен, қанша пайызы вирусты пневмониямен ауырғанын нақтылаған жоқ. Ал, шетелдік және қазақстандық пульмонолог, инфекционист дәрігерлер қазіргі пневмония бұрынғы бактериалды пневмониямен салыстырғанда, басқаша, яғни өкпенің тіндерін зақымдайтын вирусты пневмония екенін айтады. Сол себепті қазіргі пневмониядан болып жатқан өлім-жітімді коронавирус инфекциясынан болған өлім факторларының қатарына қосу керек дейді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі екі статистиканы қосу үшін қазір халықаралық деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Тимур Сұлтанғазиев коронавирусты анықтайтын тест арқылы дәлелденген адамдардың саны мен денсаулық жағдайына тоқталды.
«Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз реанимация және анестезиология бөлімдерінде ем қабылдап жатыр. Олардың барлық саны – 306 сырқат. Ауыр жағдайда – 265 сырқат, өте ауыр жағдайда 41 сырқат жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 67 адам бар. Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында 133 адам жатыр. Өз бетінше демала алатын науқастар саны 9 мыңнан асады», - деді ол.