Талдықорған дәрігерлеріне қолдау көрсетілді
Талдықорған дәрігерлеріне қолдау көрсетілді
163
оқылды
Әрбір пакетте дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы өнімдердің оннан астам түрі бар. Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлердің өз ұсынысы бойынша салынған. Акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, қолдау көрсету.    width= Бұл акция бір күнмен тоқтап қалмай, Талдықорған қаласында жасотандық еріктілер індетке шалдыққан науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан облыстық аурухана дәрігерлеріне «Алғыс пакеттерін» үлестірді. Осы мақсатта 15 ерікті тынымсыз жұмыс істеп жатыр. – Бүгін акцияның екінші күні өтіп жатыр. Әлі 4-5 күн қатарынан жалғасады. Осылайша 1 апта бойы дәрігерлерге қолдау көрсетпекпіз. 50 литр қымыз бен 50 литр шұбат жеткізіледі. 400-ден астам дәрігерге ұлттық өнімдерді әкеліп отырамыз, – деді Сонымен қатар өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығы мен дәріханадағы кезектің көптігіне байланысты Талдықорған қаласы бойынша қажетті дәрілерді тауып беретін топ құрылған. Бұл топтың құрамында «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері және Jas Otan еріктілері бар. Жедел желі арқылы келіп түскен тапсырыстар бойынша әр бір өтініш берушіге керекті дәрі-дәрмектің қай дәріханаларда бар екендігі туралы ақпарат беріледі. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрімекті тапсырыс берушінің есебінен мекен-жайға жеткізу жұмысы да қолға алынған. Бүгінгі күні Талдықорған қаласы  бойынша  үй  жағдайында емделіп жатқан 20 дәрігерге де азық-түлік пен жеміс-жидек жеткізіліп жатыр. Акцияға арнайы дайындықтан өткен  еріктілер жұмылдырылған. Олардың әрқайсысы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді.

                                                                           Мадияр ТӨЛЕУ