Карантин кезінде қозғалысы уақытша тоқтатылған кейбір жолаушылар пойызы тағы екі апта қатынамайтын болды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттік комиссияның 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында төменде көрсетілген жолаушылар пойызының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады:
- 1. № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» пойызы.
- 2. № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы
- 3. № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2» пойызы
- 4. № 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы.