Jas Otan #Bizbirgemiz эстафетасын қазақстандық жастарға жолдады
Jas Otan #Bizbirgemiz эстафетасын қазақстандық жастарға жолдады
218
оқылды
Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанаты #Bizbirgemiz қар күреу науқанына қосылды. Жастар қанатының белсенділері мен @astana_jastary волонтерлары зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты. «Жасотандықтар еліміздің барлық аймақтарында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қар күреу, үй тазалау және тағы да басқа көмекті тұрақты түрде көрсетеді. Бүгінгі күні республика бойынша мыңнан астам волонтерлардың қатысуымен 65 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылды», –деп хабарлады Jas Otan.⠀ Осылайша, Jas Otan эстафетаны барлық қазақстандық жастарға жолдады. Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай және Қаллеки театрының әртістері қолдау білдірген.  width=  width=