Елордада дезинфекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды
Елордада дезинфекция жұмыстарының төртінші кезеңі басталды
© сурет интернеттен алынды
Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жалғасуда. 15 шілдеде зиянкестерге қарсы өңдеудің кезекті, төртінші кезеңі басталды. Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Жанар Бескемпірова дезинсекция жұмыстары елорданың барлық төрт ауданында бір уақытта басталғанын айтты.
«15 күннің ішінде жұмыс бүкіл қала бойынша, оның ішінде шет аймақтарда да жалғасады. Өңдеу кезінде масаларға қарсы «Агран», шыбын-шіркейлерге қарсы «Фаскон» сияқты препараттар қолданылады», – деп түсіндірді Ж. Бескемпірова.
Жұмыс масалардың үнемі өсу-көбею орындарында және елорданың айналасындағы барлық су қоймаларында, қорғаныс тосқауылында жүргізілетін болады. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық аумақтарды – көшелер, саябақтар мен скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы осы жазда зиянкестермен күресудің бес кезеңі өтеді.