Көшеде де маска тағу шарт - Бекшин
Көшеде де маска тағу шарт  - Бекшин
© сурет интернеттен алынды
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин маскасыз жүргендерге 83 мың теңге айыппұл салынатынын айтты. 
«Көп адам маскасыз жүреді. Көшеде де маска тағу міндет саналады. Себебі инфекция ауа тамшылары жолымен де жұғады. Мониторинг тобы көшеде көп адамның ортасында маскасыз жүрген адамды көрсе айыппұл салуы мүмкін», - деді Бекшин.
Сонымен қатар ол айыппұлды 1 апта ішінде төлесе, жартысы ғана төленетінін айтты.
«Айыппұл 83 мың теңге. Егер адам 1 аптаның ішінде төлеген болса, 41 мың теңге төлейді. Бұл біздің көптеген ескертуімізден кейінгі қолға алынатын шара. Барлық билборд, қоғамдық көліктерде ескерту жасалған», - деді ол.