Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді
Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді
147
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы медициналық мекемелерге барып, Президенттің нұсқаулары мен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерінің орындалу барысын тексерді, - деп хабарлады primeminister.kz. Премьер-Министрдің орынбасары барған алғашқы нысан амбулаторлық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем шақыртуларына қызмет көрсететін №9 қалалық емхана болды. Бүгінгі таңда емханада 95 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі.  />

Пандемия кезінде емханада фильтр-кабинеттер мен провизорлық бөлім ұйымдастырылды, бұл жерлерде ПТР-зерттеу үшін биоматериал алынып, сондай-ақ қажетті ем тағайындалады.

Сонымен қоса, Ведомствоаралық комиссия басшысы Damumed мобильді қосымшасы арқылы іске қосылған пациенттерді тегін онлайн-қабылдаудың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде 19 ұйым осы қызметке қосылған. Болашақта Нұр-Сұлтан қаласындағы 31 медицина ұйымы онлайн-консультациялар жүргізетін болады.

Бұдан өзге, емханада жедел жәрдемге түсетін жүктемені жою мақсатында бес мобильді бригада ұйымдастырылған. Бұл мобильді топтар COVID-19 және пневмониямен сырқаттануға күмәнді науқастарға үйде қызмет көрсетеді, дәрігерлер тексеріп, ПТР-зерттеуден өткізу үшін биоматериал алынады және қажетті ем тағайындалады.

<img src=