Суға батқан екі баланың біреуі құтқарылды
Суға батқан екі баланың біреуі құтқарылды
©Сурет интернеттен алынды
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомстводан мәлім еткендей, балалар «Пасека» шаруа қожалығы маңында Ертіс өзенінің сағасында шомылып жүрген. «7 және 10 жасар екі бала ағыспен ағып кетіп, көмекке шақырған. Жақын маңда жүргендер 7 жасар баланы судан алып шыққан, ал 10 жасар бала ағыспен ағып кетті», - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті. Оқиға орнына келген құтқарушылар баланың денесін ұзақ іздеді. Оған себеп, қайғылы жағдайдың дәл қай жерде болғанын ешкім көрсете алмаған. Баланың мәйіті суға батып кеткен жерден 150 метр қашықтықтан табылып, полицияға берілді. Жалпы, облыс бойынша 7 бала суға батып кеткен. Өскемен және Семей қалаларында - 2 баладан, Ұлан, Глубокое және Зайсан аудандарында бір баладан суға ағып кеткен.