Болашақта Қазақстан халқы 30 миллионнан асады екен
Болашақта Қазақстан халқы 30 миллионнан асады екен
©Сурет интернеттен алынды
411
оқылды
Халықаралық ғалымдар тобы дүние жүзіндегі халық санының өсіміне болжам жасады. Олардың мәліметі бойынша, 2100 жылы Қазақстанда 30, 28 миллион адам тұрады, - деп жазылған The Lancet. Көрші Қырғызстанның халқы 6,37-ден 12,45 миллион адамға дейін көбейеді. 2100 жылға қарай Өзбекстанда 44,18 миллион адам тұрады.  Сонымен бірге Ресейде тұрғындар саны осы ғасырдың соңына қарай 146-дан 106 миллионға азаяды екен. Зерттеушілер дүние жүзі халқының саны 2064 жылға дейін өсіп, Жер бетінде 9,7 миллиард адам болады деп болжайды. Ал 2100 жылға қарай адам саны азайып, 8,8 миллиард болады деген болжам айтылды. Бұл көрсеткіш БҰҰ болжамынан 2 миллиардқа аз. "2064 жылы дүние жүзі халқының саны 9,7 миллиардқа жетуі мүмкін, содан кейін 2100 жылға қарай 8,8 миллиардқа дейін азаяды", - делінген британиялық The Lancet медициналық журналында. Сондай-ақ, Жапония, Таиланд, Италия және Испания секілді 20-дан аса елде 2100 жылға қарай халық саны 50 пайыздан да көп азаяды. Қытай халқы да 48 пайызға қысқарады екен.