Алматыда 800 үй газсыз қалды
Алматыда 800 үй газсыз қалды
©Сурет интернеттен алынды
Апат шамамен Әл-Фараби және Желтоқсан көшелерінің қиылысында болды. Сондықтан Әл-Фараби-Назарбаев-Сейфуллин-Темірязев-Попов-Шашкин көшелерінің ауданында орналасқан үйлер мен нысандарда газ тоқтатылды. Бұл ауданда 258 жеке үй, 549 көппәтерлі ғимарат, 14 коммуналдық-шаруашылық және өнеркәсіп мекемелері бар.  "Тұрғындардан газ крандарын жауып тастауды және апатты жойып, газ берілмегенше ашпауды сұраймыз. Қала тұрғындарынан қолайсыз жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі жұмыстар Алматы газ желілерінің қауіпсіз пайдалануы үшін жасалып жатыр", - деп мәлімдеді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері.