90 келіге жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды
90 келіге жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды
©Сурет интернеттен алынды
130
оқылды
Браконьерлер табиғатты қорғау полициясы мен Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында ұсталды. Polisia.kz хабарлағандай, Тасқарасу кентінің шетінде жүргізушісі және екі жолаушысы бар «Ваз-2104» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Олардың барлығы Панфилов ауданының тұрғыны. Автокөлікті тексеру барысында машинадан ірі балықтың екі қапшығышықты. Атап айтқанда сазан мен ақ амур балықтары табылды. "Біз бұл балықтар желілердің көмегімен ұсталған деген қорытындыға келдік. Жалпы ауланған өнімнің салмағы 88 келіні құрап отыр. Сонымен қатар олардан үрлемелі резеңке қайық, екі электр фонарі, батпаққа арналған резеңке етік және басқа да балық аулау құралдары тәркіленді, – деді Ұйғыр аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Махамет Тураржан. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Күдіктілер мекежайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Браконьерлер мінген автокөлік сот шешіміне дейін айып тұрағына қойылды. Күдіктілерден алынған балық инспекцияға тапсырылды. Заңсыз ауланған балықтарды сатудан түскен қаражат мемлекет кірісіне аударылады.