Төтенше жағдай кезінде бизнес ашқандар
Төтенше жағдай кезінде бизнес ашқандар
132
оқылды
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында енгізілген төтенше жағдай мен карантин режимі кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар шара қабылданды. Бұл өз кезегінде аталған салаға оң ықпал етіпті.  «Шағын және орта бизнеске баса назар аударылып отыр. Бірқатар қолдау топтамасы қабылданып, нәтижесінде оң қарқын байқалады. Осы жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 маусымдағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер санына келер болсақ, динамика сақталып отыр. Тіпті, бизнес саны бойынша 0,2 пайызға өсім бар. Сондықтан кей өңірлерде теріс тренд бай­қалғанымен, бүкіл еліміз бойын­ша бизнес санына қа­тысты оң көрсеткіш байқалады», – деді Шыңғыс Ахметов. Ол келтірген Статистика комитетінің ақпаратына сәй­кес осы жылдың бірінші жарты­жыл­дығында кәсіпорын ашу үшін шамамен 90 мың кәсіпкерлік субъек­тісінен өтінім түсен. Оның ішінде шамамен 16 мыңы – заң­ды тұлғалардан, 74 мыңы жеке кәсіп­керлерден түсіп отыр. 2020 жылдың екінші тоқсанында, яғни бизнес ашуға және жүргізуге барынша күрделі кезеңде 37 мың өтінім, оның ішінде заңды тұл­ға­лардан – 6 300, жеке кәсіпкер­лерден шамамен 30 мың өтінім беріліпті.  

Тұмар МЫРЗА