Таразда Оpen space форматында кеңсе ашылды
Таразда Оpen space форматында кеңсе ашылды
173
оқылды

Бүгін Тараз қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесіп «Жамбыл — адалдық алаңы» аясында жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдік ашылды, — деп хабарлайды «Arainews» ақпараттық агенттігі.

Игі шараға көне шаһар басшысы Қайрат Досаев пен ҚР  Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев қатысты.

Жобаның басты мақсаты- азаматтардың мемлекеттік органдарының тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру және кедергісіз орта(open space) қалыптастыру болып табылады.

Оpen space форматында кеңседе қызмет ететін әкімдіктің жер қатынастары мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары бір жерге шоғырландырылды.
Жұмыс кеңістігінің ерекшелігі мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға арналған және мемлекеттік қызметшілерге әдеттегі бюрократиялық жолмен міндеттерді шешуден аулақ болуға, қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Тұрғындар аталған бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін бір жерде «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады, ал органдар басшылары халықпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды ұйымдастыратын болады.