Қазақтың қайсар қыздары туралы тұңғыш кітап жарық көрді
Қазақтың қайсар қыздары туралы тұңғыш кітап жарық көрді
Фото: "Болашақ" қорынан алынды
523
оқылды
Бұл нон-фикшн жанрында жазылған бірден бір кітап. Кітапта ғылым, медицина, саясат, спорт, өнер, халықаралық қатынастар, азаматтық қоғам және басқа да түрлі салаларда табысқа қол жеткізген әйгілі қазақстандық әйелдер туралы 50 әңгіме жинақталған. Кітап кең аудиторияға арналған және екі тілде жарық көрді. Технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда, жаһандану дәуірінде, ұлттың өзін-өзі мәдени тұрғыдан анықтау мәселесі туындаған кезде біз әйел адамның рөлі артқанын мойындауымыз керек. Бүгінде әйел адамның орны отбасы ошақ қасы ғана емес, ол тек дәстүрлер сабақтастығының сақтаушысы, болашақ ұрпақтың анасы ғана емес. Сонымен бірге, олар қоғамды басқаруға белсенді араласады. Қыздарымыз үшін ұлттық құндылықты сақтау өте маңызды. Тарихи тұлғалардың өмірі кейінгі жастарға үлгі. Кітаптың кейіпкерлері ҰОС батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, атақты домбырашы Дина Нұрпейісова, опера әншісі Бибігүл Төлегенова, жас спортшылар Жансая Әбдімәлік, Элизабет Тұрсынбаева және тағы басқалар болды. Сонымен қатар кітапта есімі БҰҰ-ның «Ғаламшардың көрнекті әйелдері» кітабына енген Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен алғашқы қазақ әйелі туралы, Қазақстанның әскери-теңіз күштерінде қызмет ететін алғашқы әйел туралы, әлемді мойындатқан алғашқы қазақстандық әйел туралы және басқа да көптеген оқиғалар жарияланған.   [caption id="attachment_58381" align="alignnone" width="800"] width= Фото: "Болашақ" қорынан алынды[/caption] Тағдырдың сынына төтеп беру, тәуелсіздік пен ой еркіндігі, мақсаткерлік, ерік-жігер, білім мен білікті жетілдіру, адамдарға деген сүйіспеншілік пен сенім кітаптың арқауы болды. Кітаптың авторы – «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, сертификатталған коуч, үш қыздың анасы Динара Шайжүнісова.
Үш қыздың анасымын. Балаларды тәрбиелеуде, бірінші кезекте, мен оларға өз күшін ұғынуды және барлығына қол жеткізуге болады дегенге сенуді үйретемін. Қыздарымның қазірдің өзінде олар өз өмірлерінің басты кейіпкерлері екенін түсінгенін қалаймын. Сол себепті мен Қазақстанның мықты, дарынды әйелдері туралы әңгімелейтін осы кітапты шығаруға шештім. Қыздарды күшті, ақылды болуға, алға жылжуға, алдына жаңа мақсат қоюға шабыттандыратын кітап. Сондай-ақ бұл кітап өзін ден қойып тыңдау, өз-өзіне адал болу, өз эмоцияларын, сезімдерін және қалауларын түсіну және қабылдау маңызды екені туралы, – дейді Динара Шайжүнісова.
Кітап жасауға әлемнің 37 суретшісі мен иллюстратор, екі жазушы, екі журналист және үш коуч атсалысты. «Мақсатқа жету» және «Эмоционалдық интеллектті дамыту» тараулары балаларға мақсатына ұмтылуға көмектеседі. Кітапты www.superkyz.kz сайтында, сонымен қатар «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады.