42500 теңгені алу үшін өтініш қабылдау басталды
42500 теңгені алу үшін өтініш қабылдау басталды
Фото: Интернеттен алынды
176
оқылды
Бірақ қазірдің өзінде барлық өтініштерді қабылдайтын сайттарда ақау бар. Өйткені сайтқа өтініш берушілердің саны өте көп. Бір мезетте 25 000-ға жуық адам сайттарды қарап жатыр. Онлайн брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпшіліктен бір адам бір ғана өтініш беруін өтінген болатын. Соған қарамастан, сайт әкімшілігі барлық өтініштің міндетті түрде қабылданатынын ескертті. Халық тек шыдамдылық танытып, ресми жауапты күтуі қажет. Айта кетейік, 42500 теңге алу азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі, жұмыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі және жеке есепшоты қажет. Өтінішті: – egov.kz – «электрондық үкіметтің» веб-порталы; – 42500.enbek.kz порталы; – «Электрондық үкімет» telegram-bot-ы; – Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы; – екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады. Өтінімдерді қабылдау биыл 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Біз бұған дейін шілде айында кімдер 42 500 теңге жәрдемақы алатынын жазған болатынбыз.