Өтініш жазбаса  да, 700 мың адам 42 500 теңгені тағайындау туралы SMS-хабарлама алды
Өтініш жазбаса  да, 700 мың адам 42 500 теңгені тағайындау туралы SMS-хабарлама алды
Фото: Интернеттен алынды
144
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президенттің тапсырмасымен биыл тек қана шілдеде қайта карантин шараларының енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға, олардың қызметі ағымдағы жылдың шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растайтын SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.
«Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Біз қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады», – деді министр.
Бүгін 42 500 теңгені алу үшін өтініш беретін порталдар мен Telegram боттар түс қайта іске қосылады. Өтінішті: – egov.kz – «электрондық үкіметтің» веб-порталы; – 42500.enbek.kz порталы; – «Электрондық үкімет» telegram-bot-ы; – Aitu мессенджерінде42500.enbek.kz қосымшасы; – екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады. Өтінімдерді қабылдау биыл 1 қыркүйекке дейін жалғасады.