«Атырау-ақпарат» медиахолдингіне Ысқақ Егембердиев басшы болып тағайындалды
«Атырау-ақпарат» медиахолдингіне Ысқақ Егембердиев басшы болып тағайындалды
Атырау облысының коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, «Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшы Ысқақ Егембердиевті Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​Одан кейін ​ 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастаған. 2003-2004 ж.ж.​ «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019​ жылдары аралығында​ «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді. Қазіргі уақытта «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.