«Астана» Мальта чемпионының қақпасына бес гол соқты (видео)
«Астана» Мальта чемпионының қақпасына бес гол соқты (видео)
186
оқылды

Жауапты кездесу тамыздың 15-інен 16-сына қараған түні өтеді

Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Мальта чемпионы «Валеттаны» қабылдаған «Астана» қарсыластар қақпасына бес гол соқты.

Елордалық команда ойынның төртінші минутында-ақ басымдық байқатып үлгерген. Алайда қарсыласты қақпа бағанасы құтқарып қалды. Ал сегізінші минутта Исландия құрамасының футболшысы Рунар Мар Сигурьонссон есеп ашты.  

Ал 15 минутта Сигурьонссоннан пас алған Юрий Логвиненко «Валетта» қақпасынан саңылау тапты. Ал 35 минутта Марин Томасов есепті 3:0-ге жеткізді.

57 минутта Сигурьонссон дубль жасады. Бұл жолы оған Румыния құрамасының ойыншысы Дорин Ротариу пас асырды. Ал 67 минутта «Валетта» футболшысы Пабло Фонтанелла есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен «Астана» бұдан кейін де тоқтап қалған жоқ. Рангело Янга матч бітуге 10 минут қалғанда алаң иелерінің бесінші голын соқты.

Жауапты кездесу тамыздың 15-інен 16-сына қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 00:00-де өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алмақ. Ондай жағдайда топтық кезеңге берілетін жолдама үшін не белорусиялық БАТЭ-ні немесе босниялық «Сараевоны» жеңу керек.  

https://youtu.be/yCRQGEWwJFg