18-20 шілдеде еліміздің оңтүстігі мен батысында кей жерлерді ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстіктен келетін циклон Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді.
"Кей жерлерде күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ кей өңірлерде бұршақ жаууы да ықтимал. Бірақ температуралық фон жоғары 30…38 градус, оңтүстікте және батыста кей жерлерде 42 градус болып қалады. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде шаңды дауылмен бірге жел күшейеді",- делінген хабарламада.