Қанат Ислам келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді
Қанат Ислам келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді
164
оқылды

Қазақ боксшысы WBO рейтингінде үздік ондыққа кірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің келесі кездесуінің қашан және қай жерде өтетінін мәлімдеді.

Qazaq Promotions промоутерлік компаниясының YouTube-каналында жарияланған видеода боксшы жаттығу процесі, сондай-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуі туралы айтады.

Қанат Ислам осы уақытқа дейін кәсіпқой рингте 26 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. 21 кездесуді нокаутпен аяқтаған болатын.

«Біз Qazaq Promotions компаниясы жетекшілерімен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдық. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Қазірдің өзінде келесі жекпе-жекке дайындықты бастап кеттік. Соңғы он күнді тауда өткіздік. Келесі кездесу 26 қазанға жоспарланып отыр. Ол жерге бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес те келеді. Алда үлкен мақсаттарымыз бар» дейді боксшы.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 5 шілде күні доминикандық Хулио де Хесуспен кездесіп, орта салмақтағы WBO International белдігін иеленген еді. Осы жеңістен кейін Қанат Ислам WBO рейтингінде үздік ондыққа кірді. Ұйымның рейтингін қазіргі таңда америкалық боксшы Деметриус Андраде бастап тұр.