Қазақстанда екі күнде коронавирустан 89 адам қайтыс болған
Қазақстанда екі күнде коронавирустан 89 адам қайтыс болған
© сурет интернеттен алынды
ДДСҰ мамандарымен тікелей эфирде байланысқа шыққан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус туралы соңғы мәліметтерді жариялады. "17 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 66 895 жағдайы тіркелді, оның 26 ​​175-і емделіп жатыр, 40 256 (60%) адам емделіп, ауруханадан шығарылды, 464 адам коронавирустан қайтыс болды (0,7%)", - деді ол. 15 шілдедегі жағдай бойынша, елімізде коронавирустан 375 адам қайтыс болған.