ДДСҰ мамандарымен тікелей эфирде байланысқа шыққан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус туралы соңғы мәліметтерді жариялады. "17 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 66 895 жағдайы тіркелді, оның 26 175-і емделіп жатыр, 40 256 (60%) адам емделіп, ауруханадан шығарылды, 464 адам коронавирустан қайтыс болды (0,7%)", - деді ол. 15 шілдедегі жағдай бойынша, елімізде коронавирустан 375 адам қайтыс болған.