ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Дорит Нитцан Қазақстандағы коронавирус бен пневмонияның біріктірілген статистикасына қатысты ойын айтты.
«Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Вирусты жұқтырудың үштен бірі соңғы аптада тіркелгеніне қарамастан, төмендеу байқалады. Мемлекет коронавируспен кұресте бірқатар шараларды қолға алған. Сонымен қатар науқастарды емдеу және аурухананың жағдайындағы инфекцияны бақылау шараларын жетілдірілуде. Қазақстан пневмониясы жоқ пациенттерді COVID-19 бойынша ДДСҰ зертханаларында тестілеуге келісті. Барлық елге осы жұмыс әдісін қолдануға кеңес береміз», - деді онлайн байланысқа шыққан Дорит Нитцан ОКҚ-та өткен брифингте.Еске сала кетсек, Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар коронавирус жұқтырғандардың қатарына қосылатын болды. Жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізіледі.