«СК Фармация» қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр
«СК Фармация» қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр
© сурет интернеттен алынды
171
оқылды
«СК Фармация» ЖШС қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменттің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай  мүдделі мемлекеттік органдарды, қоғам өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, «СК Фармация» ЖШС-нің қызметіне тексеру жүргізуді бастадық», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, сараптама жасау барысында компанияның нормативтік-құқықтық базасы және ұйымдастырушылық-басқару қызметі жан-жақты зерделенетін болады.
«Тексеру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына компанияның қызмет тиімділігін арттыру, ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты ұсыныстар жасалады», - деді Қайсар Баржақсынов.
Еске сала кетсек, бұған дейін «СҚ-Фармация» қызметкерінің айлығы − 852 мың теңге екенін жазған болатынбыз.