Қазақстан коронавирусқа қарсы күресте ашық саясат жүргізеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан Германиядағы Роберт Кох институтында референтті зерттеу жүргізу бойынша ДДСҰ Еуропа бюросымен келісімге келді.
«Вирус жағдайларын тіркеудің жаңа амалын қолдану жұқтыруы мүмкін пациенттерді түгел қамтып, статистикалық амал-әдістердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз ДДСҰ-ның кеңесін толық қолдануға дайынбыз», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирусты кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылданғанын хабарлаған еді.
«Бұл коронавирусқа қарсы күресте Қазақстанның ашық саясат жүргізетінін көрсетеді. Біз ДДСҰ кеңесін басқа мемлекеттер де қолданады деген үміттеміз», - деді ол.