Павлодарда басқарма басшыларының бірі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Павлодарда басқарма басшыларының бірі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Павлодар облысы әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 2,6 млн теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша облыс әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген агенттік хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.