18 шілдеде Қазақстанның 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі . Өңірде 35 градус ыстық күтіледі. 18, 19 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, найзағай жарқылдайды. Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 90-95%