Алдағы демалыс күндері Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағына баруға тыйым салынды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Тиісті қаулыға Кеген ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойды.
«Алматы облысы Кеген ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бүгін шыққан қаулысы негізінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 18-19 шілде күндері «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағы барлық келушілер үшін жабық болады. Барлық тұрғындар мен қонақтардан санитарлық шараларды сақтауды және саяхаттардан бас тартуды сұраймыз», -делінген хабарламада.